Атырау, 1 шілде 10:31
 дождьВ Атырау +16.6
$ 480.72
€ 548.07
₽ 6.14

Жоғарғы сот Трамптың жарлығын тоқтатты: АҚШ-та туған балалар азаматтығын сақтап қалды

58 рет қаралды
 Сурет: theguardian.com
Сурет: theguardian.com

АҚШ Жоғарғы соты Дональд Трамптың ел аумағында туған балаларға автоматты түрде Америка азаматтығын беруді тоқтату туралы жарлығының күшін жойды, деп хабарлайды theguardian.com.

АҚШ-тың жоғары сот органы Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқы күнінде қол қойған атқарушы жарлығын заңсыз деп таныды. Осылайша, сот АҚШ аумағында дүниеге келген балалар үшін көпжылдық конституциялық кепілдікті күшінде қалдырды.

Дональд Трамп бұл шешімді бірден сынға алып, судьялардың үкімін «ел үшін жаман қадам» деп атады. Сонымен қатар, Америка президенті Конгрестегі республикашыл көпшілікті бұл мәселеге араласуға шақырып, сот шешімін айналып өтіп, автоматты азаматтықты жоюға мүмкіндік беретін арнайы федералды заң әзірлеуді талап етті.

Трамптың бұл бастамасын парламент те қолдап үлгірді. Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон қазіргі норманың «тым қатты теріс пайдаланылып жатқанын» мәлімдеді. Оның айтуынша, шетелдіктер болашақта балалары Американың әлеуметтік игіліктерін пайдалана алуы үшін АҚШ-қа тек босану мақсатымен ғана ұшып келеді.

Еске салсақ, «топырақ құқығы» (jus soli) деп аталатын бұл норма АҚШ Конституциясының 14-ші түзетуімен кепілдендірілген. Оған сәйкес, ел аумағында туған кез келген адам автоматты түрде осы мемлекеттің азаматы атанады. Бұл заңды мүмкіндікті «босану туризмі» ретінде әлемнің көптеген елдерінің, соның ішінде Қазақстан азаматтары да белсенді түрде пайдаланып келеді.

Бүгін, 09:35

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.