Атырау, 19 сәуір 11:42
 ашықВ Атырау +30
$ 447.40
€ 477.55
₽ 4.76

Алынбайтын «Армада» (толықтырылды)

2 498 просмотра

Полиция Полиция "Армада" мейрамханасының қызметкерлерін алып барады. Youtube.com скриншотыАтырау қаласының прокуратурасы «Армада» мейрамхана кешенінде полицейлердің қамауға алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғады.

Естеріңізге салсақ, үстіміздегі жылдың 16 тамызында түн ортасы шамасында полиция қызметкерлері 14 адамды – мекеме қызметкерлері мен 2 клиентті тұтқындаған болатын («“Армадаға” басып кірді»). Олардың барлығын ҚІІБ-не алып кетіп, бір бөлігін босатып жіберген, ал мейрамхананың 8 қызметкеріне қатысты таңертең ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 355-бабының 2-тармағы бойынша («Прокуратура, iшкi iстер, ұлттық қауiпсіздiк, қаржы және әскери полиция органдарыныңқызметкерлерiнiң өздерiнiң қызметтiк мiндеттерiн атқару кезiнде талабына қасақана бағынбау») 5 тәулікке қамау туралы сот қаулысы шығарылған.

Полиция жорамалы бойынша, мейрамхана күзетшілерін қамауға алуға дәлелді негіз болған. Тамыз айында бұл жерде клиенттерге қатысты үш заңсыз әрекеттер жасалған. Бір жағдайда тіпті клиентке дөрекі күзетшілерге қарсы травматикалық қарудан оқ атуға тура келген. Екінші жағдайда ерлі-зайыпты адамдар зардап шеккен. Алдымен мейрамхана қызметкерлері күйеуіне, содан соң әйеліне күш көрсеткен. «Полиция осы істер бойынша мейрамханаға барған», - деп мәлімдеді облыстық ІІД баспасөз қызметі. Алайда күдікті қызметкерлер өз есімдері мен лауазымдарын айтудан бас тартып, полицейлерге тіл тигізген. Сондықтан қосымша патрульдік қызметтің сақшылары шақыртылыпты.

19 тамызда «Армада» басшылығы прокуратураға, ҰҚК департаментіне, «Нұр Отан»  партиясының филиалына және ІІД-ніңжеке қауіпсіздік басқармасына шағым берді.

Бүгін, 28 қарашада қалалық прокуратураның жалпы қадағалау прокурорының көмекшісі Айбек ҚАНАТБЕКОВ хабарлағандай, «Инфинити-Орда» ЖШС-нің жүгінуімен тексеру жұмыстары жүргізіліп, соның нәтижесі бойынша ҚР ҚК-нің 308-бабының 1-тармағы Билiктi не қызметтiк өкiлеттiктi асыра пайдалану») бойынша қылмыстық іс қозғалған.  

Істі қаржы полициясы тергейтін болады. Бүгінде полицияның 9 лауазымды тұлғасы қылмыстық іс бойынша өтуде. Күдіктілерден жауап алынып, көзбе көз беттестіретін болады. Мейрамхана қызметкерлерін ұстаған кездегі бейнежазба іске тіркелді, - деп хабарлады қалалық прокуратура.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВАНЫҢ ресми комментарийі: «Бұл жағдай бойынша облыстық ІІД бастамасымен қылмыстық іс қозғалды. Прокуратура органдары бұл бастамаға қолдау көрсетті. Облыстық ІІД жеке қауіпсіздік басқармасы қызметтік тексеру жұмыстарын бастады. Ал тергеу амалдарынсыз болған оқиғаның толық көрінісін анықтау мүмкін болмады. Осы қылмыстық істің шеңберінде іс жүргізу жұмыстары жүргізілетін болады. Біз осы оқиғаның мұқият тергелуіне және бүкіл кінәлі тұлғаларды анықтауға мүдделіміз. Егер полиция қызметкерлерінің кінәсі дәлелденетін болса, оларға ең қатаң шаралар қолданылатын болады. Бұған ІІД мүдделі болып отыр».

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қазан 2013, 21:25

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы мақала тақырыбына қатысты ой-пікіріңізбен бөлісіп, бейнежазба жолдағыңыз келсе, WhatsApp +7 771 37 800 38 нөміріне және editor@azh.kz поштасына жібере аласыз.