Атырау, 30 маусым 15:05
 дождьВ Атырау +23.1
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Жол апатының алдын алу: төрт түлікке жарық шағылыстырғыш ленталар тағылды

Бейнежазба
136 рет қаралды

Атырау облысында жол апаттарының алдын алу мақсатында мал иелеріне жарық шағылыстырғыш ленталар таратылды.

Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасы ұйымдастырған шара барысында шаруа қожалықтарының иелерімен профилактикалық кездесу өткізілді.

Кездесу кезінде төрт түліктің мойнына тағылатын 200-ден астам шағылыстырғыш лента беріліп, малды қараусыз қалдырмау және тас жол бойында бақылаусыз жаюға жол бермеу жөнінде түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Бұл ленталар қараңғы уақытта жүргізушілерге жолға шығып кеткен жануарларды алыстан көруге мүмкіндік береді. Жыл басынан бері облыста үй жануарларының қатысуымен 60-қа жуық жол-көлік оқиғасы тіркелген. Оның салдарынан адамдардың өміріне қауіп төнген, көліктер зақымданған және мал иелері материалдық шығынға ұшыраған.

Осыған байланысты тәртіп сақшылары барлық мал иелерін төрт түлікті бақылаусыз жібермеуге, әсіресе республикалық және облыстық маңызы бар тас жолдардың бойында жаюдан сақтануға шақырады.


Бүгін, 13:56

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.