«Темiрбанк» АҚ жыл басынан бері 4,139 млрд. тенгеге шығынға батты. Ал, оның таза пайдасы 2013 жылдың тоғыз айында 2,396 млрд. тенгені әрең құрады. Бұл туралы банктың (www.temirbank.kz) корпоративті сайтына орналастырған шоғырландырылған қаржы есебінде көрсетілген,- деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.
Құжатқа сәйкес, банктың активтері 30 қыркүйектегі жағдай бойынша 294,57 млрд. теңгеге жетіп, өткен жылдың 31 желтоқсанындағы көрсеткішінен 2,59% артқан. Қаржы институтының міндеттемелері 5,1% көбейіп, 238,32 млрд. теңгені құрады. Алайда оның жеке капиталы тоғыз айда 6,86% азайып, 56,25 млрд. теңге болды.
Қазақстан бойынша «Темiрбанк» АҚ банк жүйесінде жеке активінің көлеміне қарай 13 орында тұр. Ұлттық банктың дерегіне сенсек, 2013 жылдың бірінші қыркүйегіндегі жағдайға сәйкес Темірбанктың активтері - 292,52 млрд. теңгені, міндеттемелері - 230,6 млрд. теңгені, жеке капиталы - 1,92 млрд. теңгені көрсетті. Ал, өтелмеген шығыны қаңтар-тамыз айларында 2,23 млрд. теңге болған. Сондай-ақ, Қазақстанның қор нарығының хабарлауынша «Самұрық-Қазына»ҰӘҚ банктың 79,88% акциясына иелік етеді.
Дереккөз: Baq.kz