Атырау, 30 маусым 14:32
 дождьВ Атырау +19.2
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

​Сарыағашта әлеуметтік орталықтарда 13,3 млн теңге жымқырылғаны анықталды

135 рет қаралды

Сарыағаш ауданында бюджет қаржысын заңсыз пайдалану дерегі анықталды. 

Аудандық прокуратура жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне қарасты «Аялы алақан» және «Қамқор» әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында жүргізген талдау барысында мемлекеттік сатып алу шарттары бойынша іс жүзінде жеткізілмеген тауарлар мен орындалмаған қызметтерге қаражат аударылғаны белгілі болды.

Тексеру нәтижесінде мекеме басшылары жеке кәсіпкерлермен келісіп, көрсетілмеген қызмет пен жеткізілмеген тауарды қабылдау актілеріне қол қойғаны анықталды. Сот-бухгалтерлік сараптама қорытындысына сәйкес мемлекетке келтірілген залал көлемі 13,3 млн теңгені құрады.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 189-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу басталды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу шаралары жүргізілуде.

Түркістан облысының прокуратурасы өзге ақпаратты жария етуге жатпайтынын хабарлады.

Бүгін, 13:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.