
Бұл туралы «Атырау облысы Су Арнасы» КМК хабарлайды.
30 маусым күні Атырау ықшамауданындағы Қ. Рысмағамбетов көшесіндегі №31 мектеп‑гимназия маңында су құбырын ауыстыру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты сағат 14:30‑дан 17:00‑ге дейін бірқатар көшелер мен нысандарда суық су беру уақытша тоқтатылады.
Шектеу Аққу балабақшасы мен Ақсеңгір, Нұрибек Шманов, Байбақты Ата, Қойшыбай Есембаев, Бекарыс, Ермекқали Биғалиев, Тансамалы, Толағай, Сайрам, Мұқаш Жұмағазиев, Латиф Хамиди, Медеу, Шалғын, Жібек жолы, Дәстүр, Ақбөкен, Ақдала, Мұстафа Шоқай, Ақкөл, Алтынемел, Дендер, Алданғана Нұрғалиева, Нұрлы жол, Несібелі даңғылы, Мыңбұлақ, Өрнек, Айнабұлақ және Бесшатыр көшелерін қамтиды.
Кәсіпорын тұрғындардан уақытша қолайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрады.
В Атырау +19.2