
Алматыда әлеуметтік желіде тараған видеодан кейін қала тұрғыны қамауға алынды.
Полицияның мәліметінше, ер адам видеода жұрттың көзінше балағат сөздер айтқан. Осылайша ол қоғамдық тәртіпті бұзып, айналасындағыларға құрметсіздік көрсеткен. Бұл ролик желі қолданушылары мен полицияның назарына тез ілікті.
Тәртіп бұзушы анықталды. Ол — 36 жастағы алматылық азамат.
Ұсақ бұзақылық жасағаны үшін ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот шешімімен ол 15 тәулікке қамауға алынды.
Бұл — Нариман Саутов. Ол Алматыда шоумен, асаба және блогер ретінде танымал. Үйлену тойларын, коорпоративтер мен кештерді жүргізеді, сондай-ақ стендап пен пранк түсірумен айналысады.
Полиция желіде танымал болу заң бұзуға сылтау емес екенін ескертті. Тәртіп бұзған кез келген әрекетке заң бойынша баға беріледі. Ал лайк пен қаралым жинаудың соңы жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Бұған дейін Астанада полиция формасын заңсыз киіп, тәртіп сақшыларының атына кір келтіргені үшін блогер Әділет Қаликеев те ұсталған болатын.
В Атырау +19.2