27 қазанда түнгі сағат үште ҚІІБ пультіне Суворов көшесіндегі үй тұрғындарынан көршілерінің шулап, төбелесіп, ұйқы бермей жатқандығы туралы шағым түсті.
Дереу жеткен «Тосқауыл» полицейлер жасағы «шулы» пәтерде екі ер адамның біреуі кеудесінен алынған пышақ жарақатынан өлімші халде жатқанының үстінен түсті. 38 жастағы зардап шегуші жедел жәрдем жеткенде көз жұмды. Қаза болған жігіттің туысы боп келетін 39 жастағы күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. ҚР ҚК-нің 96-бабы («Кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ