Атырау, 30 маусым 11:50
 дождьВ Атырау +19.2
$ 485.82
€ 554.03
₽ 6.24

Қазақстан делегациясы Бакуде өткен АӨСШК Жастар кеңесінің IX отырысына қатысты

56 рет қаралды
gov.kz
gov.kz

Қазақстан делегациясы Әзербайжанның Баку қаласында өткен Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) Жастар кеңесінің IX отырысына қатысты. Биылғы жиында жастардың қалалардың тұрақты дамуына қосар үлесі талқыланды.

Отырыс барысында делегация басшылары баяндама жасап, Жастар кеңесінің ұсынымдарын ортаға салды. Сондай-ақ қатысушылар пікірсайыс шеберлігін жетілдіруге бағытталған білім беру сессияларына қатысты.

Келесі күні жасанды интеллект, білім беру және жас буынның келешегіне арналған халықаралық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Еліміздің жастары халықаралық додада жоғары нәтиже көрсетіп, екі жүлделі орынға ие болды.

АӨСШК Жастар кеңесінің отырысымен қатар, WRCC Open Category халықаралық робототехника байқауы өтті. Байқауда жас өнертапқыштар өздерінің инновациялық жобаларын таныстырды. Ұсынылған бастамалар ауыл шаруашылығын дамыту, қауіпсіздік технологияларын жетілдіру, сондай-ақ Каспий теңізіндегі су деңгейінің төмендеуіне қатысты өзекті мәселелерді шешуге бағытталды.

Бүгін, 10:43

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.