Атырау, 20 шілде 23:16
 дождьВ Атырау +29.6
$ 469.83
€ 536.83
₽ 5.97

Атырау облысында құны 619 млн теңге ​игерілмеген жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

427 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Атырау облысында ұзапқ уақыт игерілмей жатқан 78 жер учаскесі мемлекет меншігіне қайтарылды.

Облыс прокуратурасының мәліметі бойынша, қайтарылған жердің аумағы аумағы 2182 га құрайды. Кадастрлық құны 619 млн теңгеден асады.  

Талдау барысында облыс аумағында кәсіпкерлік,тұрғын үй және өзге де мақсаттар үшін уақытша берілген бірқатар жер учаскелерінің ұзақ уақыт бойы игерілмегені анықталды.

Сонымен қатар жер учаскелерін шаруашылық айналымына тарту бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан тиісті шаралар уақтылы қабылданбаған.

Прокурорлық қадағалау актісі бойынша уәкілетті органдар жер пайдалану құқықтарын тоқтату және пайдаланылмай жатқан жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару жөнінде тиісті шаралар қабылдады.

Аталған бағыттағы жұмыстар жалғасуда және прокуратураның бақылауында.

30 маусым, 11:05

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.