
Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады.
Жөндеу жұмыстары барысында ғимараттардың қасбеті мен ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік желілер мен шатыр ауыстырылды. Жаңа жиһаз бен жабдық орнатылып, маңайы абаттандырылды.
Нәтижесінде Ганюшкино вокзалының аумағы 249,5 шаршы метрден 713,3 шаршы метрге дейін ұлғайды. Аққыстау вокзалының аумағы 202,3 шаршы метрден 214,7 шаршы метрге дейін кеңейді.
Жобалар теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында, Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмасымен жүзеге асырылды. ҚТЖ өкілдері реконструкция кезінде отандық заманауи құрылыс материалдары қолданылғанын атап өтті.
Жаңартылған вокзалдар қауіпсіздік, қолжетімділік және жайлылық талаптарына сай келеді. Бұл жолаушыларға қызмет көрсету сапасын арттырып, өңір тұрғындары мен қонақтары үшін қолайлы жағдай жасады.
Атырау облысы аумағында 9 жолаушы пойызы қатынайды. 2026 жылдың басынан бері олармен 253,8 мың жолаушы тасымалданған. Бұған дейін өңірде теміржол инфрақұрылымын кең көлемде жаңғырту басталғаны хабарланған болатын. Жоба аясында тоғыз вокзал қайта салынып, жөндеуден өтуде. Жалпы құны – 10,7 млрд теңге.
Қостанай, Атырау және Батыс Қазақстан облыстарында Аманқарағай, Құсмұрын, Ганюшкино, Аққыстау және Семиглавый Мар вокзалдарының реконструкциясы аяқталды. Жұмыстар Мемлекет басшысы мен Үкіметтің тапсырмасы бойынша теміржол инфрақұрылымын жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілді.
В Атырау +21.4 







