Атырау, 21 шілде 10:16
 дождьВ Атырау +23.2
$ 470.28
€ 537.53
₽ 5.99

​Еуропаға қашқан Қазақстан азаматы елге қайтарылды

423 рет қаралды
Видеодан алынған скриншот
Видеодан алынған скриншот

Қазақстанның Бас прокуратурасы Еуропада қашып, іздеуде жүрген отандасымызды елге қайтаруға қол жеткізді.

Күдікті миллиондаған теңге шығын келтірген ірі қылмыс жасады деп айыпталып отыр. Ол заң бұзған бойда Қазақстаннан жедел түрде шығып кеткен, содан кейін оған халықаралық іздеу жарияланды.

Іздеуде жүрген азамат Албания Республикасының аумағында қолға түсті. ҚР Бас прокуратурасының ресми сұрауынан кейін, Албания билігі күдіктіні қазақстандық құқық қорғау органдарына тапсыруға келісті. Қазіргі уақытта ол Қазақстанға жеткізіліп, уақытша ұстау изоляторына (УҰИ) қамалды.

«Оған тағылған айыптар бойынша мүлкі тәркіленіп, 3 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған», — деп мәлімдеді қадағалаушы органнан.

Қазір тергеу амалдары жалғасып жатыр. Ведомство тергеу мүддесіне байланысты экстрадицияланған азаматтың жеке мәліметтерін жарияламады.

29 маусым, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.