Атырау, 31 қазан 12:55
 бұлттыВ Атырау +10
$ 488.45
€ 529.19
₽ 5.04

Қарақшылар пневматикалық қару қолданған

3 134 просмотра

Исатай ауданында өзбекстандық жүргізушіге жасалған қарақшылық шабуыл «ізі суымай» ашылды.

Облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА хабарлағандай, 23 қазанда шамамен сағат 23-те облыстық ІІД кезекші пультіне Исатай ауданындағы жол полициясы қызметкерінен шұғыл хабарлама түскен.

Жол қозғалысының реттеушісіне «Дэу-Нексия» көлігінің жүргізушісі, Өзбекстанның 27 жастағы азаматы Атырау – Астрахан тас жолында Хамит Ерғалиев ауылының маңында оған ВАЗ-21703 көлігіне мінген азиаттық түр-келбеттегі екі жас жігіттің жақындап келіп, тапаншамен қорқытып, 10 700 теңгесі мен 300 ресейлік рублін тартып алып кеткендігіне шағымданған.

Исатай АІІБ сол мезет сол жерлерге шолғын шараларын ұйымдастырыпты. Шабуыл жасаған жерден шамамен 5 шақырым жерден «Жигули» көлігі тоқтатылып, оның жүргізушісін жапа шегуші таныған. Оның жанынан 10 мың теңге табылған. Бұдан басқа, көлік салонынан «Байкал» маркасындағы пневматикалық тапанша табылыпты. Ұсталушының жеке басы анықталды. Ол Жұмыскер поселкесінің 21 жастағы тұрғыны боп шықты. Таса болған екінші тонаушының да жеке басы анықталды. Оған іздеу жарияланды. ҚР ҚК-тің 179-бабы бойынша («Қарақшылық») қылмыстық іс қозғалды.

Мұрат СҰЛТАНҒАЛИЕВ

28 қазан 2013, 11:39

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.