Атырау, 25 маусым 21:30
 дождьВ Атырау +28.4
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Атырау облысы тұрғындарына сұйытылған газ толық жеткізілді

120 рет қаралды

Атырау облысының тұрғындарын сұйытылған мұнай газымен тұрақты қамтамасыз ету үшін маусым айына Энергетика министрлігі өңірге 6 909 тонна газ бөлді. 25 маусымдағы жағдай бойынша бұл көлем толық жеткізілді.

25 маусым мен 20 шілде аралығында «Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС-де жоспарлы жыл сайынғы күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Осы кезеңде сұйытылған газ өндіру уақытша тоқтатылады.

Газ тапшылығына жол бермеу және нарықтағы тұрақтылықты сақтау мақсатында облыс әкімдігі мен министрлік қосымша көлем бөлу жұмыстарын атқаруда.

Атап айтқанда, осы айға «АМӨЗ» қорынан 2000 тонна газ бөлініп, тасымал басталды. Бұдан бөлек, Ақтөбе облысындағы «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ-нан 2000 тонна, Орал қаласындағы «Жайықмұнай» мекемесінен 740 тонна газ қарастырылған.

Ресми бөлу және құжаттандыру аяқталған соң, логистикалық кестеге сәйкес вагондар және автокөліктер арқылы өңірге жеткізу шамамен 4–5 күнді алады. 

Осы уақыт ішінде қала мен аудандардағы жекелеген автогаз құю бекеттерінде жағдай туындауы мүмкін екенін ескере отырып, тұрғындардан түсіністікпен қарау сұралады.

Бүгін, 20:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.