Атырау, 25 маусым 20:59
 дождьВ Атырау +28.4
$ 487.02
€ 552.23
₽ 6.51

Индер ауданында екі жылдан бері ұялы байланыс мұнарасы іске қосылмай тұр

110 рет қаралды

Ынтымақ ауылында орнатылған байланыс мұнарасына қарамастан, тұрғындар әлі күнге дейін сапалы мобильді интернетті пайдалана алмай отыр.

Ауыл тұрғындарының айтуынша, тұрақты байланыс пен интернеттің жоқтығы көптен бері үлкен проблемаға айналған.

— Екі жыл болды мына мұнараның қалқиып тұрғанына. Ауылға ауадай қажет, интернет желісі жоқтықтан көп мүмкіндіктен айрылып отырмыз,-дейді ынтымақтықтар. 

Аталған жобаның тапсырыс берушісі "КарТел" ЖШС болса, мердігері "Аврора Сервис" ЖШС-і. Ауылдағы ұялы байланыс сапасын жақсарту үшін мұнарасын орнатуға жер телімі беріліп, орнатылған. Енді аталған нысанды пайдалануға беру үшін электр энергиясымен қамтамасыз ету қалған. 

Тұрғындардың өтінішіне берілген ресми жауапта «Атырау-Жарық» ЖШС тарапынан бірқатар ескертпелер жасалғаны, содан кейін техникалық шарттар дайындалып, ағаш бағаналар бетон бағаналарға ауыстырылғаны айтылған. Соған қарамастан, нысан әлі күнге дейін қосылмаған.

Ресми жауапта мәселе бақылауда екені, қажетті жұмыстар бір ай ішінде атқарылып, мұнара 1 тамызда іске қосылатыны хабарланған.

Алайда ауыл тұрғындары соңғы екі жылда мұндай уәделерді бірнеше рет естігенін айтып, интернеттің көрсетілген мерзімде іске қосылатынына күмән келтіруде.

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Фото автордікі

Бүгін, 19:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.