
2026 жылдың 26 маусымында Атырау мұнай өңдеу зауытында жоспарлы алдын алу жұмыстары басталады.
Бұл шаралар өндірістік жабдықтардың сенімді әрі қауіпсіз жұмысын қамтамасыз етуге, қондырғылардың тұрақтылығын сақтауға және өндіріс тиімділігін арттыруға бағытталған.
Жұмыс барысында реакторлар, сыйымдылықтар, колонналар мен жылу алмастырғыштарға техникалық тексеру және сараптама жүргізіледі. Құбыр желілерінің кейбір учаскелері мен сорғы агрегаттары жаңартылып, жалпы көлемі 311 тоннадан астам катализатор ауыстырылады.
Сонымен қатар автобензин, дизель және авиаотын өндірісін ұлғайту үшін вакуумдық колоннаның ішкі құрылғылары жаңартылады. Атмосфераға зиянды заттардың таралуын азайту мақсатында тазалау жұмыстары жабық дренаждық жүйеде атқарылады.
Бұл кешенді алдын алу шаралары зауыттың өндірістік қуатын арттырып қана қоймай, экологиялық қауіпсіздікті де күшейтуді көздейді.
В Атырау +29.2