
Алматыда сәбиімен бірге курьер болып жұмыс істеп жүрген әйелдің отбасы қалада тұрақтамай, Шымкентке қоныс аударды. Бұл туралы Сенат кулуарында еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Тұяқбаев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Әлеуметтік желілерде тараған сурет қоғамда үлкен талқыға түскеннен кейін Алматы қалалық әлеуметтік қорғау басқармасы отбасыға барып, жұмысқа орналастыру және әлеуметтік көмек ұсынған. Алайда отбасы ұсыныстан бас тартқан.
Вице-министрдің айтуынша, олар ешқандай қысымсыз, өз еркімен ата-анасымен ақылдаса отырып Алматыдан кеткен. Қазір Шымкентте тұрып жатыр.
«Неге көшкенін нақты білмейміз. Бұл отбасының өз шешімі. Мүмкін, ата-анасы шақырған болар. Шымкент әлеуметтік қорғау басқармасы олардың сонда орналасқанын растады. Ешқандай қысым болған жоқ», – деді Ербол Тұяқбаев.
В Атырау +29.2