Атырау, 24 маусым 16:18
 дождьВ Атырау +30.5
$ 486.19
€ 554.26
₽ 6.51

Атырауда жағалауда мопед айдаған жүргізуші іздестірілуде

Бейнежазба
110 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

22 маусым күні Атырауда жағалауда белгісіз мопед жүргізушісі жоғары жылдамдықпен жүрген. Мұны куәгерлер видеоға түсіріп, редакцияға жолдаған еді.

Тұрғындар бұл жағдайға алаңдаушылық білдірді, себебі жағалау — халықтың серуендейтін және демалатын орны. Жылдам қозғалған мопед жаяу жүргіншілерге қауіп төндіріп, қатты шуы демалып отырғандарға кедергі келтірген.

Маңайда полиция бекеті мен бейнебақылау камераларының болуына қарамастан, жүргізушінің еркін жүруі куәгерлердің таңданысын тудырған.

Редакция полиция департаментіне мопедтердің жағалауда жүруіне рұқсат бар-жоғы және бұл аумақта қандай шектеулер қолданылатыны туралы сауал жолдады.

Полиция департаменті мопедтердің жағалауда жүруіне тыйым салынғанын хабарлады. Ал велосипедшілер тек арнайы веложолақпен қозғалуға міндетті. 

— Сағат 19:00-ден 01:00-ге дейін бұл аумақта көлік қозғалысына шектеу қойылады. Қазіргі уақытта мопед жүргізушісінің жеке басын анықтап, оны ұстау бойынша іздестіру шаралары жүргізіліп жатыр, — деп хабарлады полиция департаменті.

Полицияның дерегіне сәйкес, мопед жүргізушісінің жеке басы анықталып жатыр. 

Айнұр САПАРОВА

Тұрғындар жолдаған видео

Бүгін, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.