Атырау, 24 маусым 15:46
 дождьВ Атырау +30.5
$ 486.19
€ 554.26
₽ 6.51

Еуропада 40°C-тан асқан аптап ыстық елдерді қызыл деңгейге жеткізді

90 рет қаралды

Франция, Испания және басқа да Батыс пен Орталық Еуропа елдерінде ауа температурасы 40°C-тан жоғары көтеріліп, төтенше ыстыққа байланысты қызыл деңгейдегі ескерту жарияланды, деп хабарлайды BBC.

Францияда қауіптіліктің ең жоғары деңгейі елдің жартысынан астам өңірінде енгізілді. Météo-France мәліметінше, Бордо қаласында ауа температурасы 42°C-қа жетіп, жүздеген мектеп уақытша жабылды. Елдің оңтүстігінде аптап ыстық салдарынан екі баланың қаза тапқаны хабарланды.

Ұқсас ескертулер Германия, Италия, Швейцария және Люксембургте де жарияланды. Парижде синоптиктер 41°C-қа дейінгі ыстықты болжауда.

Мамандардың айтуынша, Сахара шөлінен келген ыстық ауа ағыны «жылу күмбезін» қалыптастырып, аптаптың ұзақ сақталуына себеп болып отыр. Бұл соңғы жылдардағы ең ұзақ ыстық толқындардың бірі болуы мүмкін.

Испанияда температура климаттық нормадан 5–10 градусқа жоғары, кей өңірлерде 44°C-қа дейін жетеді. Италияда 12 қалада, соның ішінде Милан мен Римде, қызыл деңгей жарияланған. Германияда соңғы күндері ыстықта шомылу кезінде бес адам қаза тапты.

Франция билігі тұрғындарға рұқсат етілмеген су айдындарында шомылмауға және ыстықта сақ болуға шақырды. Елде 63 миллионнан астам адам аптаптың салдарын сезініп отыр.

Ғалымдар мұндай экстремалды ыстық толқындар климаттың жаһандық жылынуының айқын көрінісі екенін атап өтеді.

Бүгін, 14:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.