Атырау, 24 маусым 15:23
 дождьВ Атырау +30.5
$ 486.19
€ 554.26
₽ 6.51

Алматы облысында 500-ден астам жалған жалға беру хабарландыруы бұғатталды

109 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Жазғы демалыс маусымы қарсаңында интернет арқылы тәуліктік тұрғын үйді жалға беру туралы жалған хабарландырулар көбейіп отыр. 

Алаяқтар тартымды фотосуреттерді пайдаланып, төмен бағамен жарнама жариялайды да, алдын ала төлем немесе кепілақы талап етеді. Ақша түскен соң байланысқа шықпайды немесе көрсетілген тұрғын үйдің мүлде жоқ екені анықталады.

Биылғы бес айда республика бойынша болмаған қызметтерді көрсетуге байланысты 1700-ден астам қылмыс тіркелген, оның 130-ы Алматы облысында жасалған.

Осыған байланысты облыс прокуратурасы ірі интернет-платформалармен бірлесіп жұмыс жүргізуде. «OLX Group» ЖШС-мен жасалған меморандум аясында алаяқтық белгілері бар 518 хабарландыру анықталып, бұғатталды.

Қазіргі уақытта олардың авторларына қатысты киберполиция тексеру жүргізіп жатыр. Прокуратураның айтуынша, бұл шаралар алаяқтық контентті дер кезінде анықтап, оның таралуын шектеуге және азаматтарды алдаудың алдын алуға мүмкіндік береді.

Алматы облысының прокуратурасы тұрғындар мен қонақтарды интернет арқылы тұрғын үйді жалға алу кезінде сақ болуға шақырды. Интернет-алаяқтыққа қарсы іс-қимыл тұрақты бақылауда және алдағы уақытта да жалғасатын болады.

Бүгін, 13:52

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.