
Берлинде хабарланғандай, Германияда теміржол қозғалысы түгелдей уақытша тоқтатылды. Бұған цифрлық радиобайланыс жүйесіндегі ақау себеп болған, деп хабарлайды АА.
Deutsche Bahn компаниясының өкілі DPA агенттігіне берген мәліметінде пойыздардың қозғалысы радиобайланыс жүйесіндегі істен шығуға байланысты ел аумағында толық тоқтатылғанын айтты. Қазір ақауды жою үшін барлық техникалық ресурстар жұмылдырылған.
Компания басқарма мүшесі Эвелин Палла Bild басылымына пойыздарды станцияларға жеткізіп, жолаушыларды түсіруге күш салынып жатқанын жеткізді.
«Одан кейін біз мәселенің түпкілікті себебін анықтап, жоюға тиіспіз», – деді ол.
Неміс БАҚ-тарының хабарлауынша, кей пойыздар станцияларда тұр, ал жолда қалғандары мүмкіндігінше жақын вокзалдарға бағытталуда.
Жолаушылардың көпшілігі сапар барысында қиындықтарға тап болды. Осыған байланысты Deutsche Bahn такси ваучерлері мен қонақүйге орналастыру қызметін ұсынып отыр.
В Атырау +28.1