Атырау, 24 маусым 13:21
 дождьВ Атырау +28.1
$ 486.19
€ 554.26
₽ 6.51

Атырауда үздік ​мемлекеттік қызметшілер марапатталды

Сурет
102 рет қаралды

23 маусым – Мемлекеттік қызметшілер күніне орай Атырауда салтанатты шара ұйымдастырылып, сала үздіктері марапатталды.

Жиында Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы Нұрлыбек Жеңісбекұлы мемлекеттік қызметшілерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар қызметкерлерге «Құрмет ардагері» төсбелгісін, облыс әкімінің Алғыс хатын, «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін және өзге де марапаттарды табыстады.

Оның айтуынша, бүгінде өңірде 3000-ға жуық мемлекеттік қызметші елдің дамуына үлес қосып отыр. Олардың еңбегі арқылы мемлекеттік бағдарламалар мен реформалар жүзеге асып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған жобалар іске асуда.

Айта кетейік, биыл мемлекеттік қызмет саласы 25 жас маманмен толықты.

Сонымен қатар жоғары оқу орындарының үш үздік түлегі конкурстан тыс аудандық және ауылдық әкімдіктерге жұмысқа қабылданды.

Ал Президенттік жастар кадр резервіне енген 13 азамат әкімшілік мемлекеттік лауазымдарға тағайындалып, қызметін атқарып жүр.

Бүгін, 12:04

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.