
Қырғызстан мен Өзбекстан мемлекеттік шекараны демаркациялаудың маңызды кезеңін аяқтады, оның шеңберінде республикалар шекара маңындағы аумақтар мен елді мекендерді өзара алмасты. Бұл туралы ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Асқат Алагозов мәлімдеді, деп хабарлайды 24.kg.
Ресми мәліметтер бойынша, Қырғыз Республикасының құрамына бұған дейін Өзбекстанның Ферғана облысына аумақтық тұрғыдан тиесілі болған екі елді мекен — Шоңғара және Тас-Төбе өтті. Есесіне қырғыз тарапы көршілеріне шекара маңындағы аймақтан аумағы жағынан теңдей жер учаскелерін берді.
Көршіге өткен ауылдардың тұрғындары не болады? Бұл елді мекендерде 2 500-ге жуық адам тұрады. Қырғыз басшысының әкімшілігі түсіндіргендей, олардың көпшілігі этникалық қырғыздар. Ауылдардың Бішкек юрисдикциясына өтуіне байланысты олардың барлығы таяу уақытта Қырғызстан азаматтығын алады.
Жол 4 есеге қысқарады
Елді мекендерден бөлек, тараптар аумағы 236 гектар болатын тең бағалы учаскелерді алмастырды. Бұл жер Сай және Таян ауылдарының арасында жаңа стратегиялық автомобиль жолын салу үшін қажет.
Жаңа трасса Қырғызстанның Баткен облысының логистикалық мәселелерін түбегейлі шешеді. Осының арқасында аймақ тұрғындары Айдаркеннен Баткенге тікелей қатынай алатын болады. Қалалар арасындағы қашықтық қазіргі 225 шақырымнан (айналма жол арқылы) небәрі 55 шақырымға дейін қысқарады.
В Атырау +28.1