
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК хабарлағандай, 2026 жылғы 24 маусымда сағат 10:00-ден 21:00-ге дейін Элеваторная көшесі (Құттығай батыр көшесі) ауданындағы Д-630 мм су құбырында авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.
Осыған байланысты төмендегі мекенжайларда орналасқан тұрғын үйлерге, заңды тұлғалар объектілеріне және әлеуметтік нысандарға суық су беру уақытша тоқтатылады:
- Құттығай батыр көшесі (Элеваторная көшесі)
- З. Қабдолов даңғылы
- Химпоселок кенті
- Қара депо ауданы
- Оңтүстік өнеркәсіптік аймақ
- Жалаңтөс батыр көшесі (Гайдар көшесі), №19, 23, 25 үйлер
- Әскери бөлім, Жалаңтөс батыр көшесі, №21
- Атамбаев көшесі, №12, 12г, 12е, 12к, 12д, 16, 14/2
Сонымен қатар, Мирный кентінде орналасқан нысандар мен тұрғын үйлерде су қысымы уақытша төмендейді.
В Атырау +25.2