Атырау, 14 шілде 05:57
 дождьВ Атырау +23.1
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

Құлсарыдағы саябақта қараусыз қалған үй өртенді

426 рет қаралды
Видеодан алынған стоп-кадр
Видеодан алынған стоп-кадр

22 маусымда кешке Сегізінші ықшамауданда орналасқан демалыс орны аумағында қараусыз қалған үй түгел өртеніп кетті. 

Өрт шамамен кешкі сағат 17.30-да Қорғанбаев көшесінде болған. Өрт сөндірушілердің мәліметі бойынша саябақтағы қараусыз қалған 150 шаршы метр үй түгелімен жанып кеткен. 

Өртті сөндіруге 2-МӨСБ жеке құрамының 5 маманы және 2 техника қатысты. Өрт сөндірілді, зардап шеккендер жоқ. 

Саябақ "Бақай" ЖШС-нің еншісінде. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, соңғы жылдары қараусыз қалып, жұртшылықтың ренішін туғызып жүрген болатын. Себебі бұл жер қаңғыбас ішкіштердің орнына айналған. 

Бүгінде саябақты мемлекет меншігіне алу ойластырылмай келеді. 

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Видео әлеуметтік желіден алынған

23 маусым, 10:11

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.