Атырау, 22 маусым 16:45
 дождьВ Атырау +26.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

17 жыл бойы жасырынған қылмыстық топ басшысы елге қайтарылды

Бейнежазба
92 рет қаралды

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Қырғызстаннан ұйымдасқан қылмыстық топтың жетекшісін экстрадициялады. 

Ол Алматыда 2007–2008 жылдары банктердің бірінен 183 миллион теңгеден астам қаражатты қайтарусыз несие рәсімдеу арқылы иемденгені үшін күдікке ілінген.

Тергеу деректеріне сәйкес, алынған қаржы топ мүшелері арасында бөлініп, жеке мақсаттарға жұмсалған. Қылмыс ашылғаннан кейін топтың кейбір мүшелері сотталған, ал басшысы қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған. Осыған байланысты ол халықаралық іздеуге жарияланған.

2026 жылғы ақпанда күдікті Бішкекте ұсталып, Қазақстанның сұрауы бойынша елге қайтарылды. Қазір ол тергеу изоляторында қамауда отыр.

Айып тағылған қылмыстар үшін мүлікті тәркілеу және 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.


Бүгін, 15:29

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.