Атырау, 22 маусым 15:26
 дождьВ Атырау +26.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Қазақстанда жол бойындағы жаңа​​ 250 сервис станциясы салынады

96 рет қаралды

Қазақстанда 2030 жылға дейін жол бойындағы жаңа 250 сервис станциясы салынады. Жоба жаңартылатын энергия көздерін пайдалану арқылы жүзеге асырылмақ.

Үкімет тиісті инвестициялық келісімді мақұлдап, Премьер‑министр қаулыға қол қойды. Жоба көлік министрлігі мен «Car Park Transformer» компаниясы арасында іске асырылмақ.

Жалпы инвестиция көлемі – 179,5 млрд теңге. Биылдың өзінде алғашқы 50 станция пайдалануға беріледі.

Жаңа кешендер халықаралық және республикалық маңызы бар автожолдар бойындағы демалыс алаңдарында бой көтереді. Олар санитарлық‑тұрмыстық бөлмелерді, сауда және қызмет көрсету орындарын, электромобильдерге арналған зарядтау бекеттерін, күн энергетикасы қондырғыларын қамтиды. Сондай‑ақ аумақтары абаттандырылып, көгалдандырылады.

Жоба халықаралық стандарттарға сай жол бойындағы сервис желісін кеңейтіп қана қоймай, электромобильдер инфрақұрылымын дамытуды және экологиялық шешімдерді енгізуді көздейді. Сонымен қатар, 2 мың жаңа жұмыс орны ашылады.

Қазіргі таңда Қазақстанда республикалық және халықаралық жолдар бойында 1428 сервис нысаны жұмыс істеп тұр.

Бүгін, 14:16

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.