Атырау, 22 маусым 15:26
 дождьВ Атырау +26.4
$ 488.37
€ 559.77
₽ 6.64

Атырау облысында​ ТЖМ ұшағы жолға қонады: қозғалыс уақытша тоқтайды

109 рет қаралды
ЖИ арқылы жасалған сурет
ЖИ арқылы жасалған сурет

Атырау облысында төтенше жағдайлар министрлігінің оқу‑жаттығуы өтеді.

Осыған байланысты 22 маусым күні сағат 14:00‑ден 16:00‑ге дейін Астрахань — Атырау — Доссор — Ақтөбе автожолының бір бөлігі уақытша жабылады.

ТЖД мәліметінше, Қызылқоға ауданындағы Сағыз ауылы маңында L‑410 NG ұшағының қону және ұшу жаттығулары ұйымдастырылады.

Осы уақыт аралығында көлік қозғалысы тоқтатылып, жол толықтай жабылады. 

Ведомство жүргізушілерді түсіністік танытып, қауіпсіздік талаптарын сақтауға және жауапты қызметтердің нұсқауларын орындауға шақырды.

Бүгін, 14:09

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.