
Атырау облысы Құрманғазы ауданының полиция қызметкерлері шетелдік мотосаяхатшыларға көмекке келді. Швейцария азаматтары түнделетіп жолда демалатын орынсыз қалған, деп хабарлайды Polisia.kz.
Ерекше оқиға сенбі күні, 20 маусымда болды. Еуропадан Моңғолияға қарай ауқымды мотошеру жасап жатқан шетелдік қонақтар Атырау облысының аумағына түн ортасы ауа жеткен. Бейтаныс жерде, тас қараңғыда қалған олар қонатын жер іздеп әуре болған.
Тығырыққа тірелген туристерге жергілікті учаскелік полиция инспекторлары жедел түрде көмекке келді.
«Полиция қызметкерлері қонақтарға көмектесіп, оларды уақытша орналастыруды ұйымдастыруға қолғабыс етті», — деп хабарлады ведомстводан.
Байкерлерді жайғастырғаннан кейін, тәртіп сақшылары ескерту мүмкіндігін де мүлт жібермеді. Полицейлер швейцариялықтарға қазақстандық жолдарда жол жүру ережелерін (ЖЖЕ) қатаң сақтаудың маңыздылығын, мұндай ұзақ сапарлардағы жеке қауіпсіздік шараларын сақтауды ескертті, сондай-ақ өңірдің ерекше табиғатына ұқыпты қарауды өтінді.
Мотосаяхатшылардың өздері мұндай қамқорлыққа дән риза болды. Олар қолдау көрсеткені үшін полиция қызметкерлеріне шын жүректен алғыс айтып, қазақстандықтардың қонақжайлылығы мен Атырау облысы табиғатының таңғажайып сұлулығын ерекше атап өтті.
В Атырау +25.5