Атырау, 19 маусым 16:39
 дождьВ Атырау +33.3
$ 487.73
€ 558.99
₽ 6.63

20 маусымнан бастап Қазақстанның жоғары оқу орындарында құжат қабылдау басталады

102 рет қаралды

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, 20 маусымнан бастап еліміздің барлық жоғары оқу орындарында қабылдау комиссиялары жұмысын бастайды.

ҰБТ тапсырған, бірақ мемлекеттік грантқа өтініш бермейтін талапкерлер осы күннен бастап ақылы негізде оқуға түсу үшін құжаттарын тапсыра алады.

Мемлекеттік грантқа өтініштер 13–20 шілде аралығында қабылданады. Бұл кезеңде талапкерлер қалаған оқу бағдарламасы мен жоғары оқу орнын таңдай алады. Өтініштер кез келген ЖОО қабылдау комиссиясы арқылы, сондай-ақ виртуалды қабылдау комиссиясы мен eGov порталы арқылы онлайн қабылданады.

Минималды шекті балдар өзгеріссіз қалды: ұлттық ЖОО-ларға – 65 балл, басқа оқу орындарына – 50 балл, педагогикалық бағытқа – 75 балл, денсаулық сақтау саласына – 70 балл, құқық бағытына – 75 балл. Сонымен қатар, «Қазақстан тарихы» және екі бейіндік пәннен кемінде 5 балл, оқу және математикалық сауаттылықтан кемінде 3 балл жинау қажет.

Мемлекеттік грант иегерлерінің тізімі 10 тамызға дейін жарияланады. Ал жалпы құжат қабылдау 25 тамызға дейін жалғасады. Министрлік талапкерлерді шығармашылық және арнайы емтихандардың тәртібі, оқу шарттары, жатақханамен қамтамасыз ету және басқа да мәселелер бойынша тікелей ЖОО қабылдау комиссиясына жүгінуге шақырады.

Бүгін, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.