
Атырау қалалық әкімдігінде жаңа тағайындау болды.
Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметіне Қуанышкереев Асан Қуанышкерейұлы тағайындалды.
1994 жылы Атырауда дүниеге келген ол 2015 жылы Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетін тәмамдап, информатика мамандығын алды. Кейін 2017 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде аудармашы мамандығын меңгерді. 2026 жылы Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетін аяқтап, экономика және бизнес мамандығы бойынша білім алды.
Еңбек жолын 2018 жылы Атырау облысы Дін істері басқармасының «Ақпараттық талдау орталығында» бастаған. Сол жылы мемлекеттік қызметке қабылданып, Атырау қалалық мәслихаты аппаратында ұйымдастыру бөлімінің бас маманы болды. 2018–2020 жылдары қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінде бас маман қызметін атқарды.
2024 жылдан бері қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшы орынбасары болған Асан Қуанышкереев енді бөлім басшысы ретінде жұмысын жалғастырады.
В Атырау +33.3