
Ресейде жанармай тапшылығы дрон шабуылдары салдарынан мұнай өңдеу зауыттарының жұмысы бұзылғаннан кейін күшейе түсті. Осыған байланысты Мәскеу алғаш рет теңіз арқылы бензин импорттау мүмкіндігін қарастырып отыр, деп хабарлайды Petrocouncil.kz.
Агенттік деректеріне сәйкес, Ресейдің батыс порттарының біріне Азиядан ірі көлемдегі бензин партиясы жеткізілуі күтілуде. Нақты көлем мен жеткізуші компаниялар әзірге жария етілмеген.
Бұған дейін Мәскеу тапшылықты көрші елдер есебінен жабуға тырысқан. Қазақстаннан шағын партиялар сатып алу әрекеттері жасалған, Беларусьтен де жеткізілімдер тіркелген. Алайда екі елдің де резервтері Ресейдегі дағдарысты толық жабуға жеткіліксіз болған.
Үкімет ішкі нарықты қорғау үшін өз бензинін экспорттауға тыйымды шілде айының соңына дейін ұзартты.
Бұл жағдай Ресейдің жанармай нарығындағы белгісіздікті күшейтіп, Азия елдерінен импортқа тәуелділікті арттырды.
В Атырау +28.6