Атырау, 26 қараша 10:32
 ашықВ Атырау +4
$ 498.51
€ 522.84
₽ 4.81

«Тұлпар-Тальго» күнара жүреді

2 794 просмотра

Кеше, 24 қазанда Астана вокзалының перронынан «Астана - Атырау» бағытында қатынайтын №19/20 «Атырау» жүйрік пойызының екінші құрамы жолға шығады. Бұл туралы «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның баспасөз қызметі хабарлады.

«Екінші құрамды енгізуге байланысты бұрын төрт күнде бір жүретін пойыз күнара жүретін болады. Жолдың жалпы уақыты Астанадан Атырауға дейін 22 сағат 57 минут, кері бағытта – 22 сағат 15 минут», - делінген хабарламада.

Құрамда 22 жолаушылар вагоны бар: 2 «Гранд» санатындағы (екі жатын орны бар люкс), 2 «Бизнес» санатындағы (екі орындық) және 18 «Турист» санатындағы (төрт орындық). «Грандтардың» бірі физикалық мүмкіншіліктері шектеулі адамдарға арналған және кез келген, биік те, аласа да, платформалардан ішке көтерілуге мүмкіндік жасайтын арнайы құрылғылармен жабдықталған.

Естеріңізге салсақ, бүгінде Атырау бағытына екі жүйрік жолаушылар пойызы жүреді: 77/78 «Алматы-2 - Атырау» және 19/20 «Астана - Атырау». Екі маршрут та осы жылы іске қосылды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ баспасөз қызметінің деректері бойынша, 2015 жылға дейін ҚР көліктік инфрақұрылымды дамыту бойынша бағдарламаны жүзеге асыру аясында тағы да төрт «Тұлпар-Тальго» вагондары бар жүйрік маршрут ашу жоспарлануда: «Астана - Қызылорда», «Алматы – Ақтөбе» (2014 ж.), «Астана - Защита», «Алматы - Защита» (2015 ж.)

Сәуле ТАСБОЛАТОВА

25 қазан 2013, 09:53

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.