
13 маусым күні таңертең Елорда даңғылында болған жол апатынан кейін облыстық ауруханаға екі адам түрлі жарақатпен жеткізілді.
Полиция дерегіне сәйкес, сағат 10:03 шамасында 1984 жылы туған BMW жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жарық бағанасына соқтығысқан. Соққыдан кейін көлік жол жиегіндегі металл қоршауға соғылған.
Жол-көлік оқиғасы салдарынан екі жолаушы зардап шегіп, Атырау облыстық ауруханасына жеткізілді.
Қазіргі уақытта оқиға бойынша тексеріс жүргізіліп, апаттың барлық мән-жайы анықталуда.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
В Атырау +28.6