Атырау, 17 маусым 16:32
 дождьВ Атырау +32.9
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Қазақстанда коммерциялық ипотекаға сұраныс күрт төмендеді: себебі неде?

98 рет қаралды
Көрнекі сурет
Көрнекі сурет

Жаңа пәтерге қол жеткізу арманы қазақстандықтар үшін қиындай түсті. Елде коммерциялық ипотека бұрынғыдай сұранысқа ие болмай, оның орнын мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар басып отыр. Бұл  туралы zakon.kz талдаған еді.

Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығының дерегінше, 2026 жылғы 1 маусымға дейін коммерциялық ипотекаға берілген өтінімдер саны 192 мыңға дейін қысқарды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 20 пайыздан астам аз. Банктер де талапты күшейтіп, қарыз алушылардың тек бесінші бөлігі ғана мақұлдануда.

Бірінші тоқсанда берілген ипотекалық қарыз көлемі 438 млрд теңгеге жеткенімен, өсімнің бәрін мемлекеттік жеңілдетілген бағдарламалар қамтамасыз етті. Ал классикалық коммерциялық ипотека бір жылда 53,6 пайызға қысқарды.

Сарапшылар мұны тұрғын үй бағасының қымбаттауымен, банктердегі жоғары пайыздық мөлшерлемелермен және БЗЖҚ‑дан қаржы алу мүмкіндігінің азаюымен байланыстырады. Нәтижесінде тұрғын үй сатып алу мәмілелері 4,5 пайызға төмендеп, ипотека қолданатын сатып алушылардың үлесі 65,2 пайыздан 51,6 пайызға түсті.

Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменов бұл баяулауды мақсатты шаралардың нәтижесі деп түсіндірді. 1 шілдеден бастап банктер қарыз алушыларды бағалауда жаңа талап енгізеді: қарыз‑табыс коэффициенті ресми табысқа сүйене отырып есептелетін болады. Жақын айларда жеңілдету күтілмейді.

Бүгін, 15:21

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.