Атырау, 17 маусым 14:39
 дождьВ Атырау +31.6
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

Ақ үйдегі салтанат залының құрылысы үш есе қымбаттады: шығын 600 млн долларға жетті

89 рет қаралды

Вашингтонда салынып жатқан Ақ үйдің жаңа салтанат залына жұмсалатын қаражат бастапқы жоспардан үш есе өсіп отыр, деп хабарлайды Евронью́с

The Washington Post дерегінше, жобаның жалпы құны 600 млн долларды құрайды, оның жартысынан астамы салық төлеушілер есебінен жабылмақ.

Президент Дональд Трамп алғашында шығынды 200 млн деп бағалаған, кейін 400 млн деп түзеткен.

Соңғы сметаға сәйкес, жеке демеушілер мен президенттің қаржысы 293 млн долларды ғана қамтиды. Қалған бөлігі бюджеттен төленбек. Құрылысқа Clark Construction компаниясы жауапты.

Трамп бұған дейін «жобаға салық төлеушілердің ақшасы жұмсалмайды» деп мәлімдеген. Алайда құжаттарда мемлекеттік қаражаттан төлемдер жасалғаны анықталған. Ақ үйдің ресми түсініктемесінде «президент пен патриоттар шамамен 400 млн доллар қаржыландырады» делінгенімен, нақты смета басқа деректерді көрсетеді.

Трамп командасы жаңа залды мемлекеттік сапарлар кезінде қонақтарды қабылдау үшін қажет деп түсіндіреді. Қауіпсіздік талаптарына сай болуы басты мақсат ретінде аталған.

Наурызда сот құрылысқа уақытша тыйым салғанымен, апелляцияға байланысты шешім тоқтатылды.

Бұл жағдай Ақ үйді жаңарту жобасының ашықтығы мен шығындардың негізділігіне қатысты қоғамда қызу пікірталас туғызды.

Бүгін, 13:51

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.