
5 маусым күні АҚШ‑тың Иммиграциялық және кедендік полициясы (ICE) федералдық органдармен бірлескен операция барысында Қазақстан азаматы Еламан Балтагерейді қамауға алды. Оған терроризмге қатысы бар деген айып тағылып отыр.
Америкалық билік бұл азаматқа қатысты бұрыннан сұрақтар қойған. 2025 жылдың жазында иммиграциялық сот оны елден депортациялау туралы шешім шығарғанымен, ол сотқа келмей, шешімді орындамаған. ICE ресми түсініктемесінде: «Еламан Балтагерей терроризмге қатысы бар деген күдікпен ұсталды. Оның елден шығарылуы туралы түпкілікті шешім бар» деп хабарланды.
Қазір ол АҚШ‑тың иммиграциялық полициясының тергеу изоляторында отыр. Заңдық және техникалық рәсімдер аяқталған соң, оны Қазақстанға мәжбүрлі түрде депортациялау жоспарлануда.
АҚШ‑та қазақстандықтарға қатысты тағы бір қайғылы жағдай тіркелді. 24 жастағы Асет Құралбайдың денесі табылды. Ол 2 маусымнан бастап байланысқа шықпай, 7 маусымда телефоны мүлде сөндірілген. Үйінде барлық құжаттары мен банк карталары қалған. Оның өліміне қатысты тергеу жүргізілуде.
В Атырау +31.6