Атырау, 17 маусым 14:09
 дождьВ Атырау +31.6
$ 487.17
€ 565.65
₽ 6.72

11 қыз, 6 ұл: Атырауда полиция жүкті әйелдерді құтқаруда рекорд орнатты

Бейнежазба
91 рет қаралды

Жылыой ауданында патрульдік полицияның жедел әрекеті жаңа өмірдің аман‑есен басталуына себеп болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

16 маусым күні жолда кептеліс кезінде жүргізуші полициядан көмек сұрап, көлікте толғағы қысқан әйел отырғанын хабарлаған. Патрульдік полиция қызметкерлері Ильяс Аблаев пен Ринат Наурызұлы жағдайдың шұғылдығын ескеріп, қызметтік көлікпен сүйемелдеу ұйымдастырды. Соның арқасында әйел перзентханаға дер кезінде жеткізіліп, дәрігерлердің бақылауына алынды. Көп ұзамай жас ана дені сау қыз баланы дүниеге әкелді.

Қазіргі уақытта ана мен сәбиінің жағдайы жақсы. Отбасы мүшелері қиын сәтте көмекке келген тәртіп сақшыларына алғыстарын білдірді.

Бұл оқиға – Атырау облысында полиция қызметкерлерінің кәсібилігі мен жедел әрекетінің нәтижесінде сәтті аяқталған кезекті жағдай. Жыл басынан бері өңірде жүкті әйелдерді перзентханаға дер кезінде жеткізуге байланысты 17 оқиға тіркелген. Соның арқасында 11 қыз және 6 ұл сәби аман‑есен дүниеге келген.

Полицияның осындай көмегі олардың тек қоғамдық тәртіпті сақтаушы ғана емес, қиын жағдайда сенімді тірек екенін тағы бір мәрте дәлелдеп отыр.


Бүгін, 12:49

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.