
Қазақстанның еңбек нарығы ауқымды трансформацияның алдында тұр. Алдағы екі жылдың өзінде-ақ жасанды интеллектіні (ЖИ) енгізе және қолдана алатын мамандардың еңбекақысы орта есеппен 20 пайызға өсіп, 2 миллион теңгелік межеге жетеді, деп жазады Lada.kz.
IBA Group халықаралық IT-компаниясы сарапшыларының болжамынша, процестерді жаппай автоматтандыру нейрожелілермен «дос болуды» үйренгендердің табысының күрт артуына әкеледі. Сонымен қатар, миллиондаған табыс тек нөлден бастап код жазатын бағдарламашыларға ңа емес, дайын ЖИ-ассистенттерді нақты бизнеске интеграциялайтын мамандарға да бұйырмақ.
Қазірдің өзінде кімдер бәрінен көп табыс таба бастайды?
Қазақстандық бизнес қазірдің өзінде екі лагерьге бөлінді. ЖИ-ні енгізумен және қызметкерлердің жалақысын көтерумен мына салалар белсенді түрде айналысуда:
Финтех және банктер (мұнда ЖИ несиелерді мақұлдап, алаяқтарды бұғаттап үлгерді);
Телекоммуникация және IT;
Ритейл (бөлшек сауда), логистика, сақтандыру және фармакология.
Ал ауыр индустрия, зауыттар мен тау-кен өндірісі секторы қуып жетушілер рөлінде қалып қойды — олардың жұмыс ерекшелігі технологияларды өте ұзақ уақыт бойы тестілеу қажет.
Роботтар жұмысшыларды алмастыра ма?
ЖИ революциясы қол жұмысшыларына әзірге қауіп төндірмейді. Ел экономикасына бұрынғыша еңбек адамдары өте қажет. Зауыттарда нейрожелі тек қауіпсіздік техникасын бақылайтын (мысалы, жұмысшының каска киген-кимегенін қарайтын) «ақылды инспекторлар» ретінде ғана пайда болады.
Кадр тапшылығы
Қазақстандық компаниялар шындықпен бетпе-бет келді: бизнестен түсетін сұраныстың 90 пайыздан астамы күнделікті күйбең жұмысты алгоритмдерге жүктеу ниетімен байланысты, бірақ мамандар өте тапшы.
«Мәселені шешу үшін ірі корпорациялар агрессивті түрде нейрожүйені меңгергендерді тартуды бастады — олар тапшы мамандарға өте көп төлеуге және оларды бәсекелестерінен тартып алуға дайын. Сонымен қатар, қызметкерлерді тікелей жұмыс орындарында оқыту шаралары іске қосылып жатыр», — деп атап өтеді сарапшылар.
2028 жылға дейінгі болжам
Бизнестің бұл үрдістен тыс қалуы мүмкін емес. Сарапшылардың бағалауынша, 2028 жылға қарай Қазақстандағы ірі және орта компаниялардың шамамен 80 пайызы ЖИ-ді пайдалануға толықтай көшеді. Ал нейрожелілерді меңгеруге дайын қатардағы қызметкерлер үшін бұл бұрын-соңды болмаған мансаптық сатыға жол ашады.
В Атырау +31.6