
Аргентина құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Лионель Месси футболдан әлем чемпионаттарында соғылған голдар саны бойынша неміс форварды Мирослав Клозенің рекордын ресми түрде қайталады, деп хабарлайды Би-би-си.
Қазіргі әлем чемпиондары ӘЧ-2026 турнирін Алжир құрамасын 3:0 есебімен тас-талқан етіп, жееңіспен бастады. Кездесудің басты қаһарманы — үш гол соғып, әлем біріншілігі тарихындағы өзінің ең алғашқы хет-тригін жасаған 38 жастағы Лионель Месси болды. Осы перформансының арқасында аңызға айналған аргентиналық турнирдің сұрмергендер тізімін бастап тұр.
Месси бір матчта қандай рекордтарды жаңартты және қайталады?
Алжирді жеңгеннен кейін Мессидің әлем чемпионаттарындағы статистикасы ғаламат көрінеді:
16 гол — қазір Леоның еншісінде дәл осынша гол бар. Ол ӘЧ-нің абсолютті рекордшысы, неміс Мирослав Клоземен теңесті.
24 нәтижелі әрекет — Месси «гол+пас» жүйесі бойынша (16 доп және 8 ассист) өзінің жеке дара көшбасшылығын нығайта түсті.
27 матч — аргентиналық мундиальдарда ең көп кездесу өткізу бойынша әлемдік рекордты уысында ұстап тұр.
6 әлем чемпионаты — Месси планета тарихында алты бірдей әлем біріншілігінде (2006 жылдан 2026 жылға дейін) өнер көрсеткен алғашқы футболшы атанды.
Криштиану Роналдудан жауап бола ма?
Көп ұзамай Мессидің әлем чемпионаттарына қатысу саны бойынша бірегей жетістігін оның басты бәсекелесі — Криштиану Роналду қайталауы мүмкін.
Португалия құрамасы турнирдегі жолын Колумбияға қарсы матчпен бастайды. Ойын бүгін, 17 маусымда, Қазақстан уақытымен сағат 22:00-де басталады.
В Атырау +23.4