Атырау, 14 шілде 09:56
 дождьВ Атырау +24.4
$ 477.11
€ 545.58
₽ 6.20

Алматыда зейнеткерлерді алдаған интернет‑алаяқтар ұсталды

370 рет қаралды

Алматыда қарт азаматтарды алдап келген интернет‑алаяқтар тобының әрекеті тоқтатылды.

Прокуратураның үйлестіруімен жүргізілген тергеу барысында күдіктілердің өзін құқық қорғау органдары мен қаржы ұйымдарының қызметкерлері ретінде таныстырып, жәбірленушілерді жылжымайтын мүліктерін сатуға және қаражаттарын «бақыланатын» шоттарға аударуға көндіргені анықталды. Келтірілген шығын көлемі 1,5 млрд теңгеден асқан.

Қылмыстық схеманы ұйымдастырушылар мен қатысушылар ұсталып, олардың іс‑әрекеттері ҚР ҚК‑нің 190‑бабы 4‑бөлігі бойынша сараланды. Сот санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

Қазір сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Қылмыстық әрекеттің толық мән‑жайын және басқа да қатысы бар адамдарды анықтау бойынша шаралар жүргізілуде.

16 маусым, 15:20

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.