Атырау, 16 маусым 13:09
 дождьВ Атырау +28.8
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Трамп: Иран ядролық қаруға ешқашан ие болмайды

108 рет қаралды

АҚШ президенті Дональд Трамп Иранмен жасалған келісімдер аясында Тегеранның «ядролық қаруға ешқашан ие болмайтынын» мәлімдеді. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі жазбасында хабарлады, деп жазады АА.

Сонымен қатар, Трамп АҚШ-тың Иранға 300 миллион доллар төледі деген ақпаратты «демократтардың ойдан шығарған жалған жаңалығы» деп атады.

Женеваға G7 саммитіне қатысу үшін барған Трамп Франция президенті Эммануэль Макронмен кездесуден кейін журналистерге: «Иран ядролық қарудан бас тартуға келісті. Бұл басты мәселе еді, себебі егер олардың қолында мұндай қару болса, оны қолдануы мүмкін еді», — деді.

Ол сондай-ақ Обама әкімшілігі кезінде жасалған келісімді жойғанын маңызды қадам деп атап өтті: «Бұл келісім Иранға ядролық қару жасауға жол ашты. АҚШ үшін бұл өте қауіпті мәміле болатын», — деді Трамп.

Бүгін, 11:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.