Атырау, 16 маусым 12:57
 дождьВ Атырау +28.8
$ 491.37
€ 570.48
₽ 6.78

Доссорда апатты үй тұрғындарына жаңа баспана берілді

62 рет қаралды

Мақат ауданына қарасты Доссор кентінде апатты деп танылған тұрғын үйлердегі 71 отбасыға жаңа пәтердің кілті табысталды.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.

Жаңа баспанаға апатты деп танылған үйлердің тұрғындары ие болды. Олардың көпшілігі бұған дейін барактарда тұрған. Бұдан бөлек, ескі көпқабатты үйлердің қабырғалары құрастырмалы қалқанды конструкциялардан салынған еді.

ӨКҚ мәліметінше, көшіп жатқан тұрғындардың бұрынғы үйлері 1947 жылы, 1954-1959 жылдар аралығында, сондай-ақ 1990 жылы бой көтерген.

Мақат ауданының әкімі Азамат Мәмбетов халықты сапалы баспанамен қамтамасыз ету мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі екенін атап өтті.

«Халықты сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету – азаматтардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Ауданда тұрғындарды қолжетімді әрі қауіпсіз баспанамен қамту жұмыстары кезең-кезеңімен жүргілзіледі», — деді ол.

Осы жылдың соңына дейін Мақат ауданында тағы 150 отбасына жаңа пәтерлердің кілтін табыстау жоспарланып отыр.

Бүгін, 11:12

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.