Атырау, 15 маусым 18:57
 дождьВ Атырау +29.3
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74

«Kizdar.net» сайтын ұйымдастырушылар ұсталды: заңсыз табыс 2 млрд теңгеден асқан

69 рет қаралды
ЖИ көмегімен жасалған сурет
ЖИ көмегімен жасалған сурет

Алматы қаласы прокуратурасының үйлестіруімен жеңгетайлықпен айналысатын танымал «Kizdar.net» интернет-ресурсын ұйымдастырушылардың қызметі тоқтатылды.

Тергеу мәліметтеріне сәйкес, аталған сайт 2011 жылдан бері интимдік қызмет көрсетуді ұйымдастыру және ақылы негізде жеңіл жүрісті қыздардың жарнамасын орналастыру үшін пайдаланылып келген. Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде заңсыз бизнесті құрушылар қолға түсті. Олардың әрекеттері Қылмыстық кодекстің 309-бабы 2-бөлігі (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық) бойынша сараланып, сот санкциясымен күзетпен қамауға алынды.

Тінту шаралары барысында күдіктілерден ірі көлемде ақшалай қаражат, цифрлық активтер, компьютерлік техника және өзге де заттай дәлелдемелер тәркіленді. Алдын ала есептеулер бойынша, қылмыстық топтың бұл кәсіптен тапқан заңсыз табысы 2 миллиард теңгеден асқан.

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр. Қылмыстық істің барысы Алматы қаласы прокуратурасының ерекше бақылауына алынды.

Бүгін, 17:18

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.