Атырау, 15 маусым 16:40
 дождьВ Атырау +31.5
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74

​Алматы облысында коммуналдық кәсіпорын басшысы пара алды деген күдікпен ұсталды

78 рет қаралды

Алматы облысында коммуналдық кәсіпорын жетекшісі пара алды деп күдіктелуде.

Кейбір дереккөздердің мәліметінше, ҚР ҰҚК қызметкерлері Алматы облысы Іле ауданы әкімдігінің «Іле Су» ШЖҚ-дағы МКК (шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік коммуналдық кәсіпорыны) басшысы Жандос Жұрыновты ұстаған.

Ұстау шарасының пара алу күдігіне байланысты екені хабарланды.

Қазір істің ресми мән-жайы жарияланған жоқ.

«Іле Су» ШЖҚ-дағы МКК Алматы облысы Іле ауданының әкімдігіне қарайды.

Бүгін, 15:14

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.