Атырау, 15 маусым 16:40
 дождьВ Атырау +31.5
$ 489.33
€ 566.30
₽ 6.74

Шымкентте 8 жасар қызға тиіскен ер адам айыппұлмен құтылды

117 рет қаралды
Видеодан скриншот
Видеодан скриншот

Шымкентте 56 жастағы ер адамға қатысты үкім шықты. Ол көпқабатты үйдің кіреберісінде 8 жасар қызға тиіскені үшін сотталған еді. Қылмыстық іс жабық режимде қаралды, деп хабарлайды КТК.

Бейнебақылау камерасына түсіп қалған кадрларда ер адамның қызды ұстап, сүйгені, кейін оны пәтеріне күштеп апармақ болғаны анық көрінеді. Бала дер кезінде қашып құтылған.

Сот ер адамды кінәлі деп танып, оған 50 АЕК көлемінде айыппұл салды (215 мың теңге). Бұл шешім жәбірленушінің анасының ашу-ызасын туғызды. Ол сот отырысына онлайн қатысып, күдіктінің нақты түрме жазасын алуын талап еткен.

Соттың баспасөз қызметі үкімнің жеңіл болуын түсіндірді: айыпталушы кінәсін толық мойындап, өкінішін білдірген және II топтағы мүгедектігі бар екені анықталған. Осы жағдайлар жазаны жеңілдететін мән-жай ретінде ескерілген.

Жәбірленуші тарап мұндай шешіммен келіспей отыр. Анасы қыздың ар-намысына қол сұққан адамға айыппұлмен құтылуға жол берілмеуі тиіс деп санайды.

Бүгін, 15:10

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.