Атырау, 16 қазан 13:19
 ашықВ Атырау +12
$ 487.42
€ 531.39
₽ 5.04

Меркель мен Обама арасынан ала мысық өтті

1 768 просмотра
Германия канцлері Ангела Меркель сәрсенбі күні АҚШ президенті Барак Обамаға телефон соғып, Американың арнайы қызмет мамандары менің телефонмен сөйлескенімді тыңдауды доғарсын деді. Неміс барлаушыларының айтуынша, АҚШ Ұлттық қауіпсіздік агенттігі неміс канцлерінің телефон қоңырауларын бақылап келген.

Берлин Вашингтоннан бұл әрекеті үшін түсініктеме беруді талап етті. Өйтпегенде, екі ел арасындағы қарым-қатынас бұзылатынын айтып қорқытты.
Ақ үй баспасөз хатшысы Джей Карнидің айтуынша, президент Обама АҚШ мамандары Меркельдің телефондағы әңгімелерін тыңдамады және тыңдамайды деп сендірді.
Дәл осындай жағдай жуырда Францияда болды. Жергілікті мерзімдік басылымдардың хабарлауынша, Эдвард Сноуден америкалық арнайы қызмет мамандары 1 жылдың ішінде 10 миллиондаған француздың телефондағы әңгімелерін тыңдағанын айтқан.

Дереккөз: Baq.kz

24 қазан 2013, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.