Атырау, 2 қараша 20:07
 бұлттыВ Атырау +11
$ 488.11
€ 530.09
₽ 5.01

Әскери борышын өтеу кезінде қаза болды

7 948 просмотра

Бүгін, 24 қазан күні Атырау облысы Индер ауданы Көктоғай ауылында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданы Мақаншы ауылында әскери қызметін өтеп жүрген 19 жасар шекарашылар әскерінің қатардағы сарбазы Жасұлан НАСРЕДИНОВТЫ жерлеу рәсімі өтті.

Шекарашы 19 қазан күні аттан құлап өлген. Қытаймен шекаралас бұл өңір таулы аймақ болып саналады. Оның әке-шешесі қаралы жиын кезінде баспасөзден келген тілшімен сөйлесетін жағдайы болған жоқ, алайда, біздің ақпаратымызға сәйкес, олар ресми болжамға күмән келтірмейді.

Жасұлан отбасындағы балалардың тұңғышы еді, оның бір інісі мен екі қарындасы бар. 2009 жылы 9-сынып бітірген соң, Атырау аграрлы-техникалық колледжіне оқуға түскен. Әскер қатарына осы жылдың сәуір айында алынған болатын.

Естеріңізге сала кетейік, осы жылдың мамыр айында сол Шығыс Қазақстан облысы Мақаншы ауылының шекара заставасында Қызылқоға ауданы Қаракөл ауылынан әскер қатарына шақырылған Бекзат ТІЛЕУҚАБЫЛОВ та қайтыс болған болатын. Ресми ақпаратқа сәйкес, ол жаттығу кезінде жүгіріп келе жатып, жүрегі тоқтап қалған Шекарашының жүрегі»).   

Ләззат ҚАРАЖАНОВА

Суретті түсірген автор

24 қазан 2013, 13:32

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.