Атырау, 11 маусым 16:53
 дождьВ Атырау +31.1
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

«Қазақмыс» Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі жағдайға түсініктеме берді

81 рет қаралды

Оңтүстік Жезқазған кенішіндегі шахталардың бірінің қызметкерлері «Қазақмыс» компаниялар тобының басшылығына материалдық-техникалық қамтамасыз ету және еңбек жағдайларына байланысты бірқатар мәселе бойынша өтініш білдірді.

Компания мәліметінше, басшылық еңбек ұжымының өкілдерімен жұмыс кездесуін өткізді. Ашық әрі сындарлы диалог барысында тараптар кәсіпорын қызметкерлерін алаңдатқан мәселелерді талқылады.

Кездесу қорытындысы бойынша айтылған ұсыныстар мен бастамалар белгіленген тәртіппен одан әрі қарау және пысықтау үшін қабылданды.

Компанияның хабарлауынша, көтерілген мәселелердің басым бөлігі жабдықтардың техникалық жай-күйіне қатысты болған. Бұл жағдай өткен жылдары ұзақ уақыт бойы қаржыландырудың жеткіліксіз болуымен байланыстырылып отыр.

Осыған байланысты «Қазақмыс» басшылығы өндірістің сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру, сондай-ақ қызметкерлердің еңбек жағдайын жақсарту мақсатында инвестициялық бағдарламаны кеңейтіп, оны іске асыру қарқынын жеделдетуді жоспарлап отыр.

Компания еңбек ұжымының өкілдерімен өзара іс-қимылды қолданыстағы корпоративтік тетіктер мен әлеуметтік әріптестік қағидаттары аясында жалғастыратынын мәлімдеді.

Қазіргі уақытта кәсіпорын штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Өндірістік процестер бекітілген жоспарларға сәйкес жүргізіліп жатыр.

«Қазақмыс» компаниялар тобы қызметкерлермен ашық диалог қағидаттарын ұстанатынын және еңбек ұжымдарымен өзара байланысты кәсіпорынды дамыту, еңбек қауіпсіздігін арттыру және әлеуметтік жағдайларды жақсартудың маңызды тетігі ретінде қарастыратынын атап өтті.

Бүгін, 15:00

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.