Атырау, 11 маусым 16:53
 дождьВ Атырау +31.1
$ 488.59
€ 564.37
₽ 6.79

Атырауда түнгі рейд: 3500-ден астам жасөспірім ұсталды

112 рет қаралды

Атырау облысында жыл басынан бері түнгі уақытта заңды өкілдерінің қарауынсыз жүрген 3500-ден астам жасөспірім анықталды.

Полицияның мәліметінше, 2026 жылдың басынан бері ювеналдық полиция қызметкерлері 3590 кәмелетке толмағанды түнгі уақытта тұрғынжайдан тыс жерде жүрген жерінен ұстаған. Бұл деректер бойынша ата-аналар мен заңды өкілдерге әкімшілік шара қолданылды.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, жасөспірімдердің құқық бұзушылыққа бармауында ата-ананың бақылауы мен тәрбиесі шешуші рөл атқарады. Әсіресе жазғы демалыс кезінде балалардың бос уақыты көбейіп, қараусыз қалу қаупі артады. Осыған байланысты профилактикалық жұмыстар күшейтілген.

Жазғы маусым басталғаннан бері ювеналдық полиция ата-аналарды балалардың бос уақытын тиімді ұйымдастыруға, олардың қайда және кіммен жүргенін қадағалауға шақырып отыр.

Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 442-бабына сәйкес, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз тұрғынжайдан тыс жерде болуы әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.

Полиция ата-аналарға балалардың қауіпсіздігі мен тәрбиесіне жауапты екенін еске салып, олардың құқыққа қайшы әрекеттерге бармауына жол бермеу қажеттігін атап өтті. Баланың қауіпсіздігі мен болашағы ең алдымен отбасының назарында болуы тиіс.

Бүгін, 14:57

Қате таптыңыз ба? Тінтуірмен белгілеп, Ctrl + Enter түймесін басыңыз.

Осы тақырыпқа қатысты бөлісетін жаңалық болса, бізге хабарласыңыз. Ақпарат пен видеоны Телеграм арнамызға және editor@azh.kz жіберіңіз.